ҚАЕУ мен “Тұран-Астана” университетінің ынтымақтастығы

Білім беру қызметтерін көрсету саласындағы өзара ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде 2022 жылғы 26 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университетінің құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Мужчиль С. А. “Тұран-Астана” университетінің ұлттық және халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы А. Ф. Ягмусованың сабағына қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты.

“Жедел-іздестіру қызметі” пәні бойынша тәжірибелік сабақ барысында студенттер арасында зияткерлік викторина өткізілді. Оларға бұрын өткен материалды бекіту үшін нормативтік-құқықтық актілердің әртүрлі баптарын және тест тапсырмаларын қолдана отырып, түсіндіру қажет болатын тәжірибелік жағдайлар ұсынылды.

Сабақ соңында оның қорытындысы шығарылды. Оқытушылар студенттердің заңнаманы жақсы білетіндігін және командада жұмыс істей алатындығын атап өтті.
Бірлескен сабақ екі университеттің оқытушылары арасында тәжірибе алмасуда пайдалы болды.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы