ҚАЕУ-нің Республикалық пәндік олимпиададағы жеңісі
2023 жылғы 25 және 26 сәуірде ҚАЕУ “Шетел тілі: екі шетел тілі” білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Дьячкова Анна Вадимовна “Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті” КЕАҚ базасында неміс тілі бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысты. Жетекшілері – шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Шихатова Елена Витальевна және Энгель Юлия Олеговна.
Олимпиада 2 турдан тұрды. 1-тур шетел тілін меңгеру деңгейін бағалаудың жалпыеуропалық жүйесіне сәйкес С1 деңгейіндегі тест тапсырмасын орындаудан тұрды. 2-тур үй тапсырмасының тұсаукесері – жаһанданудың қазіргі жағдайында шетел тілін үйренуге арналған неміс тіліндегі жобалық жұмыстың тұсаукесері болды.
Дьячкова Анна құрметті 3 орынға ие болды!
Студентімізді құттықтаймыз және одан әрі шығармашылық табыс тілейміз!
Шетел тілдері кафедрасы




