ҚАЕУ оқытушысы Барнаул жоғары оқу орындарында әріптестерімен кездесулер өткізді
2023 жылғы 28 желтоқсанда ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы С.А.Мужчилды Алтай мемлекеттік университетінің әлеуметтану және жанжалтану кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Евгений Александрович Попов қабылдады. Кездесуде ҚАЕУ оқытушыларының 2024 жылы АлтМУ-да жоспарланған іс-шараларға қатысу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, 2023 жылғы 28 желтоқсанда Барнаулда Мужчиль Савелий Александрович Алтай мемлекеттік педагогикалық университетінің Отан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Сергей Павлович Волоховпен кездесті. Кездесуде 2023 жылғы ынтымақтастық қорытындылары және алдағы жаңа жылдағы өзара іс-қимыл бағыттары, атап айтқанда тренингтерге қатысу талқыланды.
Ресей Федерациясының Алтай өлкесінің жетекші жоғары оқу орындарындағы әріптестерімізді келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтаймыз және ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы