ҚАЕУ оқытушысы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының ТжӘҚЖ органдарының кеңейтілген селекторлық кеңесінде сөз сөйледі
2023 жылғы 18 қазанда «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының ТжӘҚЖ органдарының әскери ортадағы діни терроризм мен экстремизмнің алдын алу, елдегі және әлемдегі әскери-саяси жағдайды жеке құрамға түсіндіру мәселелері бойынша кеңейтілген селекторлық кеңесі өтті.
Осы кеңес шеңберінде «Жақын және алыс шет елдерде болып жатқан әскери іс-қимылдарды құқықтық бағалау. Қазақстан Республикасы басшылығының тәуелсіз, демократиялық, зайырлы және унитарлық мемлекет құрудағы жетекші рөлі» атты баяндамамен құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Мужчиль Савелий Александрович сөз сөйледі.
Сөз соңында біздің әріптесімізге офицерлер құрамы баяндама тақырыбы бойынша көптеген сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға жауаптар берілді.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы