ҚАЕУ студенттері «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» ІV халықаралық интернет-олимпиадасының жүлдегерлері қатарына енді
2023 жылғы 15 қыркүйек пен 30 қазан аралығында ТМД Парламентаралық Ассамблеясының демократияны дамыту мониторингінің Халықаралық институты Саратов мемлекеттік заң академиясымен және Халықаралық ғылыми ақпарат орталығымен бірлесіп «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» ІV халықаралық интернет-олимпиадасын ұйымдастырды. Оған ТМД елдерінің 172 жоғары оқу орындарынан 2 476 студент қатысты, Қазақстан Республикасының атынан еліміздің 36 өңірлік жоғары оқу орындарынан 365 студент қатысты.
Ұйымдастыру комитетінің және «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» ІV халықаралық интернет-олимпиадасының халықаралық қазылар алқасының қорытындысы бойынша ТМД елдерінің жоғары оқу орындарынан 90 және одан да көп балл жинаған 122 студент, оның ішінде Қазақстанның 14 студенті интернет-олимпиаданың жеңімпаздары атанды.
Жүлдегерлер ретінде 75–тен 89 балды қоса алғандағы 178 студент жарияланды (оның 12-сі-қазақстандық студенттер). Олардың қатарында Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Хорева Ангелина Евгеньевна және Аубакирова Алуа Азаматқызы бар.
Халықаралық интернет-олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшінші Халықаралық жастар парламенттік мектебінің және 2023 жылғы 12 желтоқсанда онлайн-режимде өтетін ғылыми пікірталас форматындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына қатысады.
Интернет-олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы