ҚАЕУ студенттері – үздік бейнеролик жасау бойынша конкурсының жеңімпаздары
2023 жылғы 31 наурызда ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментінде “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды және салық пен кеден заңнамасы саласындағы мәселелерді тануды қалыптастыру” тақырыбында үздік бейнеролик жасау бойынша конкурсқа қатысушыларды марапаттау өтті.
Конкурсқа Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ), Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, сондай-ақ ҚАЕУ жоғары колледжі студенттерінің 10 жұмысы ұсынылды. Үздік шығармашылық жұмыстардың авторлары Департамент дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
“ҚАЕУ” командасы жеңімпаз атанды-2-3 курс студенттері Айша Кеңесханова, Григорий Нестеров, Виктория Кузнецова, құрметті екінші орынды да “ҚАЕУ” командасы иеленді – 1-2 курс студенттері Аян Дәурен, Гүлім Тұрсынханова, Алмас Елемес, Берік Сәрсеков. “Кедендік әкімшілендірудің үздік өзекті бейнеролигі” номинациясы бойынша ҚАЕУ 1-2-4 курс студенттері – Асыл Рамазанов, Никита Бастаногов, Артем Поспелов, Анастасия Ершова, Михаил Бугаев, “Үздік түпнұсқа сценарий” номинациясы бойынша ҚАЕУ 2-3 курс студенттері – Әсем Ескермесова, Берік Сәрсеков, Бекжан Бақытбекұлы үздік деп танылды. “Үздік ашық диалог” номинациясында ҚАЕУ-нің 2 курс студенттері – Виктория Кузнецова, Камила Скакова көзге түсті.
Іс-шара соңында студенттер конкурсқа қатысудан алған әсерлерімен және жағымды эмоцияларымен бөлісті және іс-шараны ұйымдастырушыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.
“Бизнес” кафедрасының аға оқытушысы Юлия Владимировна Трофимоваға, “құқық және халықаралық қатынастар” кафедрасының оқытушысы Ермек Мұхамеджанұлы Жүніспековке, біздің монтажшы Игорь Бирюченкоға және қоюшы оператор Комнев Кириллге, сондай-ақ 2 курс студенті Татьяна Пилипчукке бейнероликтер жасауға көмектескеніңіз үшін алғыс айтамыз.
Студенттерімізді құттықтаймыз!
Жұртшылықпен байланыс орталығы