«ҚАЕУ үздік 30 студенті» байқауы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1.1 Аталмыш ереже Қазақстан-Американдық еркін университетінің 30 жылдығына арналған «ҚАЕУ үздік 30 студенті» байқауын ұйымдастыру және өткізу тәртібін реттейді.
1.2 Байқау ҚАЕУ беделін арттыруға ықпал ететін үздік білім алушыларын анықтау жіне көтермелеу, сондай-ақ олардың шығармашылық пен ғылыми әлеуетін дамыту мақсатында өткізіледі.
2. Байқауға қатысушылар
2.1 Байқауға ҚАЕУ барлық білім беру бағдармалары мен курстарының білім алушылары қатыса алады.
2.2 Байқауға қатысушылар келесі критерийлерге сай болуы керек:
- Оқу үлгерімі: GPA 3.5 кем емес;
- Университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысу;
- Ғылыми-зерттеу қызметіндегі, спорттағы немесе шығармашылық байқаулардағы жетістіктер.
3. Байқауды өткізу тәртібі
3.1 Байқау екі кезеңде өткізіледі:
- Бірінші кезең: өтініш беру және үміткерлерді іріктеу;
- Екінші кезең: комиссия үміткерлердің жетістіктерін бағалап, қорытындылайды.
3.2 Бірінші кезең (10.07.2024 – 20.08.2024):
- Білім алушылар байқауға қатысу үшін өтінімдерді университет сайтына электронды түрде тапсырады.
- Өтінімдерде өмірбаян және жетістіктер тізімі қамтылу керек.
3.3 Екінші кезең (21.08.2024 – 25.08.2024):
- Университет әкімшілігі мен оқытушылар құрамының өкілдерінен тұратын комиссия өтінімдерді бағалайды.
- Бағалау академиялық көрсеткіштер, қоғамдық өмірге қатысу, ғылыми және шығармашылық жетістіктер негізінде жүргізіледі.
3.4 Қорытындылау (01.09.2024):
- Университеттің ресми сайтында байқау қорытындысын жариялау.
3.5 Жеңімпаздарды марапаттау (27.09.2024):
- ҚАЕУ-дің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада марапаттау.
4. Бағалау критерийлері
4.1 Оқу үлгерімі (40 баллға дейін):
- Соңғы екі семестрдегі орташа балл.
4.2 Қоғамдық қызмет (30 баллға дейін):
- Студенттік ұйымдарға, волонтерлік жобаларға, университет іс-шараларына қатысу.
4.3 Ғылыми жіне шығармашылық жұмыс (30 баллға дейін):
- Жариыланымдар, конференцияларға қатысу, байқаудағы және спорттық жетістіктері.
5. Жеңімпаздарды марапаттау
5.1 «ҚАЕУ 30 үздік студенті» байқауының жеңімпаздары:
- Дипломдар мен естелік бұйымдар;
- Бағалы сыйлықтарға ие болады.
5.2 Жеңімпаздар туралы ақпарат ҚАЕУ ресми сайтында жарияланады.
6. Қорытынды ережелер
6.1 байқауды өткізуге қатысты барлық мәселелерді ұйымдастыру комитеті шешеді.
6.2 Ұйымдастыру комитеті осы ережеге өзгерістер енгізу құқығына ие және байқау талаптары өзгеріске енсе, қатысушылар бұл туралы 5 күн бұрын хабардар болады.
6.3 Бұл ереже ҚАЕУ ректоры бекіткен кезден бастап күшіне енеді.