ҚАЕУ жас ғалымдарының XIII Форумының пленарлық отырысы

Адамзат әрқашан өзінің дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер іздеуге ұмтылады және осы  мәнмәтінде жоғары білім ең басым бағыттардың бірі болып табылады, өйткені оның маңызды міндеті тек кәсіби дағдылары ғана емес, сонымен қатар теориялық білімді іс жүзінде тиімді қолдануға мүмкіндік беретін зерттеу қабілеттері бар мамандарды даярлау болып табылады. Осыған байланысты жоғары оқу орындары ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға және университеттер ішінде инновациялық зерттеу ортасын құруға назар аударады.

Бұл қоғамның бүкіл әлеуметтік-экономикалық жүйесінің серпінді және үдемелі дамуын қамтамасыз ететін  – ғылым, ал “білім – ғылым – инновация – өндіріс” тізбегін құру осы дамудың тиісті ғылыми-зерттеу базасын қалыптастыру үшін алғышарттар жасайды.

12 сәуірде ғылыми орта өкілдері Ғылым қызметкерлері күнін атап өтеді. Қазақстан-Американдық еркін университетінде бұл атаулы  күнді “Заманауи ғылыми бағыттар: қолданбалы зерттеулерден инновацияларға дейін” жас ғалымдардың XIII Форумының Пленарлық сессиясының ашылуымен атап өтті.

Бұл іс-шара ҚАЕУ жас ғалымдары арасында ғылыми идеялар мен жетістіктер алмасу алаңына айналды. Форум аясында білім беру, журналистика, психология, әлеуметтану, экономика, тілдерді оқыту, құқықтану мәселелері сияқты түрлі салалардағы өзекті ғылыми зерттеулер ұсынылды және талқыланды.

ҚАЕУ президенті Е.Ә.Мәмбетқазиевтің атынан Пленарлық отырысқа қатысушыларға  бірінші вице-президент, PhD докторы Жасұлан Ерболұлы Байкенов құттықтау сөз сөйледі. Ол пленарлық сессияға қатысушылардың назарын ғылыми қоғамдастықта маңызды рөл атқаратын және қазіргі ғылыми салаларға жаңа идеялар мен тәсілдер енгізу үшін зор әлеуетке ие жастар екендігіне аударды. Жас ғалымдардың проблемаларға жаңа көзқарасы және ғылыми прогресс үшін маңызды жаңа идеялары бар.

ҚАЕУ шетелдік серіктестерінің атынан PhD докторы Рон Уайли құттықтау сөз сөйледі, ол  дау-жанжалдарды шешуге және толерантты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға арналған ҚАЕУ әлеуметтік жобасына қатысушылардың бірі болып табылады.

“Халықаралық қатынастар” ББ 3 курс студенті Смайылов Мадияр ҚАЕУ-нің қалыптасу тарихына және құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Егоренкова Елена Николаевнаның басшылығымен оның дамуына тұлғаның қосқан үлесіне арналған жобаны ұсынды.

“Орыс тілі мен әдебиеті” және “Журналистика” ББ 1 курс студенттері Светлана Полупанова мен Анастасия Ершова Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Наталья Алексеевна Мошенскаяның жетекшілігімен ЖОО-да жүзеге асырылатын “Кітаптың мерейтойы” білім беру-ағарту жобасының аралық нәтижелері мен даму перспективаларын ұсынды.

“Құқықтану” ББ студенттері Падерина Татьяна мен Уалхан Арман комплаенс-офицер, құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы,  ҚАЕУ докторанты Ермек Мұхамеджанұлы Жүніспековтың жетекшілігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығы мен қажеттілігі, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі шаралар, сыбайлас жемқорлыққа “нөлдік төзімділік” қағидаттары туралы өз жобаларында айтып берді.

Орталық директоры, аға оқытушы Федорова Ирина Алексеевнаның жетекшілігімен “ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу қызметімен байланысты мониторингтік процестер” ғылыми жобасын студенттер Жаврина Марина мен Власова Екатерина ұсынды.

ҚАЕУ-нің 2021 жылғы түлегі Нүкеш Мұсабек ҚР-дағы стартаптар үшін неғұрлым перспективалы бағыттар туралы өз тәжірибесімен айтып, Мамырбекова Динара Самарқанқызының жетекшілігімен «Стартап жоба – өмірді жақсартаудың тиімді жолы ретінде «TASYMAL» білім мектебі мысалында» тақырыбына медицина, көлік және логистика саласындағы бизнесті оңтайландыру үшін шешуші болып есептелететінін көрсетті.

ҚАЕУ докторанты, құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Маржан Нұрбекқызы Тәжиева ҚАЕУ-де іске асырылып жатқан “Developing school-based mediation teams as a way of preventing conflicts and forming a tolerant behavioral culture” тақырыбында білім беру жобасын ұсынды.

Шетел тілдері кафедрасы өкілдерінің командасы Алдияр Ерубаев пен Эльвира Ахметжанова аға оқытушы Анна Александровна Осколкова мен магистрант Полина Александровна Куликтің жетекшілігімен “Әлеуметтік желілерде оқыту бейнелерін пайдалану арқылы білім алушылардың ағылшын тілін үйренуге деген ішкі уәждемесін арттыру”тақырыбында ғылыми жоба ұсынды.

Университеттің ғылыми жұмысын ұйымдастырушылар мен қатысушылар жас зерттеушілердің өз зерттеулерімен көпшілік алдында бөлісуі және өздерінің ғылыми шығармашылығының нәтижелерін жариялауы үшін жастарды ғылыми қызметке тартудың жаңа нысандарын, әдістері мен бағыттарын іздейді.

2 апта ішінде ҚАЕУ-де жас зерттеушінің ғылыми мансабы үшін тамаша бастама беретін Форум іс-шаралары өтеді!

Ғылыми-зерттеу бөлімі