“Қалалар мен аудандар күндері” облыстық бос орындар жәрмеңкесі

Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттері “Қалалар мен аудандар күндері” облыстық бос орындар жәрмеңкесіне қатысты. 27 сәуірде ҚАЕУ бітіруші курс студенттері ” Қалалар мен аудандар күндері” облыстық бос орындар жәрмеңкесіне белсене қатысты. Іс-шараға Өскемен қаласы, Риддер қаласы, Алтай ауданы, Глубокое, Шемонаиха, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай және Ұлан аудандарынан 400-ге жуық адам қатысты. Қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, халықты жұмыспен қамту орталықтарының басшылары, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының өкілдері ақпараттық  таныстырылымдар  жасады.

Қоғамдық даму басқармасының” Жастар ресурстық орталығы ” КММ жыл сайын әлеуетті жұмыс берушілерді университеттердің болашақ мамандары-түлектерімен таныстыру үшін ақпараттық – консультативтік алаң ұйымдастырады.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмысқа орналастыру, түлектердің еліміздің басқа өңірлеріне және шетелге кетуін азайту, жастарды жұмысқа орналастыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың арқасында аудандар мен ауылдық жерлерге жұмысқа орналасу мүмкіндігі болып табылады. Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өз ұйымдарының тұсаукесерін өткізді, қолда бар бос жұмыс орындарын ұсынды және ең қолайлы үміткерлердің  жеке базасын қалыптастырды. Біздің студенттер ұйымдардың өкілдерімен сөйлесіп, оларға қызықтырған сұрақтарын қоя алды.