Қазақстан-Американдық еркін университеті базасында туризм бойынша I Республикалық қашықтықтан олимпиада

2022 жылғы 10-31 қазан аралығында Дүниежүзілік туризм күнін мерекелеу аясында Қазақстан-Американдық еркін университетінің бизнес кафедрасының аға оқытушылары Д.С. Мамырбекова және Е. Е. Сумарева “Туризм” білім беру бағдарламасының 1-4 курс білім алушылары үшін мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде I Республикалық қашықтықтан олимпиада өткізді.

Туризм және қонақжайлылық саласындағы білім алушылардың қызығушылығын қалыптастыру және кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында олимпиада екі кезеңде өткізілді: эссе жазу және туристік бағытты әзірлеу. Ұсынылған жұмыстар мазмұнды сипатқа ие болды, Қазақстандағы ауыл туризмін дамыту мәселелері мен келешегін, глампингті дамыту келешегін, тауашалық туризмді және оның даму келешегін, инклюзивті туризмді: уақыт сын-қатерлері мен оны шешу жолдары, жеке және ұжымдық жетілдіру факторы ретінде туризм және т. б. қарастырды.

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының 15 жоғары оқу орнынан 24 команда қатысты. Олимпиада нәтижелері бойынша орындар келесідей бөлінді:

  • 1 орын- Халықаралық бизнес университеті (UIB) (Алматы қ.).
  • 2 орын – “Тұран Астана” университеті (Астана қ.) және Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті. (Алматы қ.).
  • 3 орын – “Мирас” университеті (Шымкент қ.) және “Еуразиялық технологиялық университеті” (Алматы қ.).

Олимпиада соңында жеңімпаздар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен, топ жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды, жүлделі орындарға ие болмаған барлық қатысушы командаларға қатысқаны үшін сертификаттар жіберілді.

Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз!

Бизнес кафедрасы