Қазақстан тарихы бойынша облыстық олимпиада

Ақпараттық хат

2023 жылғы 31 наурыз – 7 сәуір аралығында Қазақстан-Американдық еркін университетінде Өскемен қаласы және Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында Қазақстан тарихы бойынша «Түркі әлемі: өткені, бүгіні және болашағы» атты облыстық олимпиада өткізіледі.

Олимпиада Қазақстан тарихы мен мәдениетін білуді қамтитын 2 турдан мемлекеттік жэне орыс тілдерінде өткізіледі.

Бірінші іріктеу туры (1 кезеңнен тұрады) тест түрінде онлайн форматта https://moodle.kafu.edu.kz/ платформа арқылы 31.03.2023 ж. 14.00-ден 16.00-ге дейін өтеді. (Қосылу жөніндегі нұсқаулық барлық тіркелген қатысушылардың электрондық поштасына жіберіледі) Тестілеу нәтижелері мен 2 турға өткен қатысушылардың тізімі ҚАЕУ сайтында www.kafu.kz және kafedra_pimo инстаграм парақшасында жарияланады.

Екінші тур (2 кезеңнен тұрады) 7.04.2023ж. сағат. 10.00 университетте өтеді.

Жеңімпаздар марапатталады:

  • І орын-ҚАЕУ Президенті Е. А. Мамбетказиевтің гранты.;
  • II орын-ҚАЕУ-де оку үшін 50% жеңілдік;
  • III орын-ҚАЕУ-де оқу үшін 30% жеңілдік.

Олимпиадаға қатысу үшін өтінімді 2023 жылдың 27 наурызға дейін беру қажет (өтінімдер көрсетілген мерзімнен кейін қабылданбайды, себебі бірінші іріктеу кезеңге қатысу үшін оқушылардың логиндері мен парольдерін жасау қажет), оны алғаннан кейін сізге өңірлік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Ереже жіберіледі (мектептерден қатысушылар саны шектелмеген; олимпиадаға қатысу өтеусіз негізде жүзеге асырылады). Іріктеу турына қатысу үшін оқушылардың логиндері мен парольдері 30.03.2023 ж. дейін жіберіледі.

Мектеп оқушыларының өтінімдері ҚАЕУ «Құқық және халыкаралык қатынастар» кафедрасының kafedra_pimo@mail.ru эл. мекен-жайында қабылданады.

Екінші тур мына мекен-жайда өтеді: Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 76.
Анықтама телефондары: 8(7232) 50-28-39, 87713533190, 87052027960.

Өтініш нысаны:

Олимпиадаға қатысушының
Т. А. Ә
Оқу тіліМектепСыныпОлимпиадаға қатысушының электронды поштасы (e-mail) мен байланыс телефоныЖауапты тұлғаның
Т. А. Ә (мұғалім)
Жауапты тұлғаның электронды поштасы (e-mail) мен байланыс телефоны