«Қазақстандағы тендерлер және мемлекеттік сатып алулар: қатысудың ерекшеліктері мен күрделілігі» тақырыбында қонақ дәрісі
2024 жылдың 1 ақпанында бизнес кафедрасының білім алушылары үшін «Қазақстандағы тендерлер мен мемлекеттік сатып алулар: қатысудың ерекшеліктері мен күрделілігі» тақырыбында қонақ дәріс өткізілді.
Қонақ дәрісінің модераторы аға оқытушы, PhD докторы Непшина Виктория Николаевна болды.
Шақырылған лектор ретінде бизнес кафедрасының «Менеджмент» ББ докторанты, «Эмиль» ЖШС жабдықтау жөніндегі менеджері Смағұлов Руслан Серікұлы сөз сөйледі.
Дәріскер Қазақстандағы тендерлік рәсімдер туралы өз тәжірибесімен және білімімен бөлісті. Білім алушылар тендерлерге қатысу ерекшеліктері туралы терең түсінік алды, сондай-ақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер осындай процестерге қатысу кезінде кездесетін қиындықтарды қарастырды. Дәріс болашақ менеджмент және жабдықтау мамандары үшін құнды тәжірибелік білім берді.
Дәрісте білім алушылар мемлекеттік сатып алу порталын мұқият зерделеп, Қазақстанда тендерлерді өткізу үдерістерімен және ерекшеліктерімен танысты. Руслан Серікұлы Смағұлов порталдың функционалдығына егжей-тегжейлі шолу жасап, білім алушыларға мемлекеттік сатып алуға қатысудың негізгі аспектілерін түсінуге және тендерлік рәсімдерге табысты қатысу үшін тәжірибелік дағдыларды қамтамасыз етуге көмектесті.
Біз Р.С.Смағұловқа диалог үшін алғыс айтамыз және одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз.
Бизнес кафедрасы