Қазіргі заманғы еңбек құлдығына қарсы күрес
2024 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Феникс дамыту және бейімдеу орталығы» ҚБ директоры Нәзигүл Маташқызы Ахметқалиева дәріс өткізді.
Дәрісте қазіргі заманғы еңбек құлдығы туралы ақпарат ұсынылды. Жеке кездесулерден бастап интернетті пайдалануға дейінгі қылмыскерлер жұмыс істейтін қауіпті арналар талқыланды. Алдау әрекеттерін қалай тануға және құлдыққа түсудің алдын алуға болатындығы атап өтілді. Ауылдық жерлерден келген адамдардың үлкен қалаларға көшу кезіндегі қауіп-қатерлері, сондай-ақ тексерілмеген шетелдік жұмыс орындары мен шетелде жұмыс істеу қаупі атап өтілді. Еңбек құлдығымен және адам ұрлаумен күресу үшін Қазақстан қабылдап жатқан шаралар айтылды.
Жұртшылықпен байланыс орталығы