“Қазіргі заманның қаржысы 360°” халықаралық онлайн-олимпиадасы
2022 жылғы 30 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінің мемлекеттік тілде оқытатын “Қаржы” білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушылары Дамирова Даяна, Айдарова Наргиз, Жұмабекова Аружан Алматы қаласындағы “Тұран” университетінің 30 жылдығы аясында Ұлттық валюта күніне арналған “Қазіргі заманның қаржысы 360⁰” тақырыбындағы халықаралық онлайн-олимпиадаға қатысты. Ғылыми жетекшісі бизнес кафедрасының аға оқытушысы Мамырбекова Динара Самарқанқызы болды.
Олимпиада екі турдан тұрды:
- іріктеу, 60 секундқа созылатын эссе жазу және бейне түсіру болды;
- “Қаржы” пәні бойынша тесттерді шешу;
- финал “ХХІ ғасырдың қаржысы”жалпы тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының тұсаукесерін дайындаудан тұрды.
Біздің студенттер финалға дейін жетіп, Солтүстік Кавказ федералды университетіне (Ставрополь өлкесі), академик.Қ.И.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтына (Екібастұз қ.) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не (Алматы қ.) жүлделі орындарды беріп қойды.
Бизнес кафедрасы








