«Рухани керуеннің» ізімен
А. С. Пушкин атындағы кітапханада белгілі ақын, прозашы және қоғам қайраткері Геннадий Николаевич Пуссептің шығармашылық кеші өтті.
Кездесуге Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Журналистика» және «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттері, мектеп оқушылары, «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, журналистер қатысты.
Қонақтардың назарына Г.Н.Пуссеп кітаптарының көрмесі ұсынылды. Олардың ішінде: «Пойыз жылдамдықты арттыруда», «Біздің жас Қазақстанға сенемін», «Таңдаулылар» және оның басқа да шығармалары.
Геннадий Николаевич Пуссеп – көп қырлы тұлға. Қызықты өмірінде ол орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді, сонымен қатар өзін әр түрлі қырынан сынап көрді: құрылысшы болды, ТМК-да кадрлар бөлімінде жұмыс істеді, диктор, журналист, кітап баспагері болды. «Үздік жылда», «Үміт айы», «Өскеменнің Құрметті азаматтары» кітап-анықтамалығының құрастырушысы, «29 мектеп гимні», «Анамның әні», «Ертіс толқындары» және т.б. әндердің авторы. Оның редакциясымен өңірлік авторлардың 240-тан астам кітабы баспаға дайындалды.
Геннадий Пуссеп-көптеген облыстық байқаулар мен әдеби оқулардың ұйымдастырушысы, сонымен қатар «Рухани керуен» жобасының тікелей қатысушысы. Жобаның мақсаты – халықты Қазақстан халқының дәстүрлері мен мәдениеті және елдегі қалыптасқан конфессияаралық қатынастар жүйесінің құндылығы туралы хабардар ету. Ол үшін серіктестер ұжымы жиналды: өңірлік авторлар, шығармашылық ұжымдардың өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, ғалымдар, теологтар, мәдениет және медицина қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер. Олар ШҚО елді мекендері бойынша түсіндіру-ақпараттық жұмыстармен және концерттік бағдарламамен саяхаттайды.
Автордың өзінің, кездесу қонақтарының өлеңдері шырқалды, ал жастарды аға буын бастамаларына қосылуға шақырды.
Педагогика және психология кафедрасы