«Scopus журналында қолжазбаны жариялау: редактордың кеңестері»: ҚАЕУ-дегі оқытушылар мен білім алушыларға арналған қонақ дәрістер

2024 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университетінде Scopus базасында индекстелетін халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдардың өзекті тақырыбына арналған екі қонақ дәріс өтті. «Scopus журналында қолжазбаны жариялау: редактордың кеңестері» тақырыбында Прага Метрополитен университетінің (Чехия) доценті және «Central European Journal of International and Security Studies» журналының бас редакторының орынбасары Мартина Варкочкова дәріс оқыды.

Дәріс барысында Мартина Варкочкова өз жұмыстарын беделді халықаралық басылымдарда жариялауға ұмтылатын жас зерттеушілер мен ғалымдарға арналған құнды ұсыныстарымен бөлісті. Ол ғылыми мақалаларды дайындаудың негізгі аспектілері, Scopus-қа кіретін журналдардағы жарияланымдарды таңдау  өлшемдері және қолжазбаларды беру кезінде болдырмауға болатын қателіктер туралы айтты.

Рецензиялау  барысында және зерттеу нәтижелерін сауатты ұсынудың маңыздылығына, сондай-ақ жариялау үшін дұрыс журналды қалай таңдауға ерекше назар аударылды. Профессор Варкочкова халықаралық басылымдарда табысты жариялау ғылыми мансаптың дамуына ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орындарының академиялық мәртебесінің артуына ықпал ететінін атап өтті.

Дәрістер білім алушылардың, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің үлкен қызығушылығын тудырды. Іс-шара соңында қатысушылар спикерге көптеген сұрақтар қойды, бұл жариялау  үдерісін тереңірек түсінуге және халықаралық аренада ғылыми зерттеулерді ілгерілету бойынша  тәжірибелік кеңестер алуға мүмкіндік берді.

Бұл дәрістер ғылыми белсенділік деңгейін арттыруға және академиялық басылымдар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған  ҚАЕУ үшін маңызды білім беру бастамасына айналды.