Сейітқасымов оқулары – 2023

Esil University-де (Астана қ.) ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің (қазіргі Esil University) бірінші ректоры Ғабдығапар Сағитұлы Сейітқасымовтың ғылыми мұрасын дәріптеуге арналған «Сейітқасымов оқулары-2023» атты жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға 150-ден астам адам қатысты, олардың ішінде Ресей мен Беларусь профессорлары, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстанның жоғары оқу орындарының бірінші басшылары болды.

Пленарлық отырыста қатысушылар Қазақстанда тиімді қаржы-несие саясатын жүргізудің өзекті мәселелерін, сондай-ақ қаржы және банк жүйесін қоса алғанда, экономика секторларын одан әрі дамыту бағыттарын талқылады.

Аталған конференция жұмысына ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Мужчиль Савелий Александрович қатысып, «Гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері» секциясында «Ежелгі және орта ғасырлар мәдениетіндегі халықтар достығы мәселесі» тақырыбында баяндама жасады.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы