ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне экскурсия

2024 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан-Американдық еркін университеті мен ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті арасындағы стратегиялық серіктестік туралы шарт шеңберінде «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының студенттері, магистранттары мен оқытушылары үшін ҚР ІІМ ҚАЖК «№24 мекемесі» КММ-ге экскурсия өтті.

Экскурсия барысында мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Шәріпов Саяхат Айбалтанұлы қонақтарды мекеменің жұмыс істеу ерекшеліктерімен, сотталғандарды ұстау шарттарымен таныстырып, қылмыстық-атқару жүйесі органдарына қызметке орналасу тәртібі туралы айтып берді.

Экскурсия қатысушыларға жазаларды орындау жүйесінің жұмысы туралы көрнекі түсінік алуға, мекеме қызметкерлеріне сұрақтар қоюға және қылмыстық-атқару саясатының өзекті мәселелерін талқылауға бірегей мүмкіндік берді.

Бұл іс-шара ҚАЕУ мен қылмыстық-атқару жүйесі органдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ құқық саласындағы мамандарды даярлауда тәжірибеге бағдарланған тәсілді кеңейтуге ықпал етті.

ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы