ШҚО Полиция департаменті өкілдерінің ҚАЕУ студенттерімен кездесуі

2024 жылғы 3 желтоқсанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті басшылығының құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының студенттерімен және оқытушыларымен кездесуі өтті.

Университет атынан ҚАЕУ-нің бірінші вице-президенті Жасұлан Ерболұлы Байкенов құттықтау сөз сөйлеп, Полиция департаментіне көп жылғы жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс білдіріп, ғылым, білім және құқық қорғау органдарының өзекті әлеуметтік мәселелерді шешудегі өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

ШҚО ПД атынан қатысушыларды Департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қазбек Мұхтарұлы Тақжанов құттықтап сөз сөйледі. Ол Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында қызметке орналасу ерекшеліктері мен мансаптық өсу  келешегі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Қазбек Мұхтарұлы өз сөзінде интернет-алаяқтық мәселелеріне және IT-технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстар санының артуына назар аударды.

Полиция полковнигі студенттерді құқық қорғау органдарымен, соның ішінде киберқылмыстың алдын алуға бағытталған еріктілер жобаларына қатысу арқылы белсенді ынтымақтастыққа шақырды. Ол ақпараттық технологиялар саласында заманауи білімі бар жас мамандар қылмыспен күреске елеулі үлес қоса алатынын атап өтті.

Кездесу барысында студенттер ІІМ-дегі қызметтің ерекшеліктеріне де, киберқауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне де қатысты көптеген сұрақтар қойды. Полиция департаментінің өкілдері егжей-тегжейлі және жан-жақты жауаптар берді, бұл студенттердің мәлімделген тақырыптарды толық түсінуіне ықпал етті.

Кездесу соңында тараптар белгіленген салаларда ынтымақтастық туралы қосымша Меморандум жасасуға ниет білдірді.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы