Шақырылған профессор Томас Шмитцтің ҚАЕУ студенттері мен оқытушыларына арналған қонақ дәрістері
DAAD өңірлік дәріскері, құқықтану профессоры Томас Шмиц ҚАЕУ-ге жыл сайынғы «Заманауи ғылыми бағыттар: қолданбалы зерттеулерден инновацияға» атты жас ғалымдардың XIV Халықаралық форумына қатысу үшін келді.
Ғылым апталығы аясында профессор Томас Шмиц «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының студенттері мен оқытушылары үшін бірнеше дәріс оқыды.
«Human and Fundamental Rights as Directly Binding Law» атты бірінші лекцияда ол іргелі құқық негіздеріне өзінің түсіндірмесін берді. Одан кейінгі кездесулерде келесі тақырыптар қарастырылды: «Integration through Law – the European Approach of Supranational Geo-regional Integration» және «New Threats for Democracy in the Era of Digitalization».
Профессор Томас Шмиц «Developments in Legal Education in Times of Globalization – observations from the experience of academic teaching in Europe and Asia».тақырыбындағы шеберлік сабақтарымен дәрістер курсын аяқтады.
Барлық іс-шаралар пікірталас форматында өтті, студенттер шетелдік қонақтың сөзіне үлкен қызығушылық танытты. Олар дәрістердің тәрбиелік мәні бар екенін және көптеген тың, пайдалы ақпараттар қамтылғанын айтып, алғыстарын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, DAAD — шетелдік студенттерге, оқытушылар мен зерттеушілерге Германия университеттерінде оқу және тағылымдамадан өту үшін түрлі стипендиялар беретін неміс академиялық алмасу қызметі.
ҚАЕУ DAAD-пен 2015 жылдан бері ынтымақтастықта. Осы уақыт ішінде 15 студенттен тұратын топ Германияға сапар шекті, ҚАЕУ студенттері мен оқытушыларына осы елге бару үшін тұрақты түрде шәкіртақы бөлінеді, 2023 жылдың қыркүйегінде бағдарлама түлектерінің өңірлік конференциясы өтті.
Жұртшылықпен байланыс орталығы