Магистратураға қабылдаудың шекті баллдары мен ережелері – 2025
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 2025 жылғы 28 қазаннан 2026 жылғы 10 қаңтарға дейін
Кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) келесі мерзімде өткізіледі:
- ағымдағы жылдың 18 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін.
Қажетті құжаттар:
- Жеке куәліктің көшірмесі
- Жоғары білім туралы диплом және қосымшасы (түпнұсқа)
- КТ сертификаты (электронды немесе қағаз түрінде)
- 3×4 өлшеміндегі фотосурет – 4 дана
- 075/У нысанындағы медициналық анықтама
- Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат (бар болған жағдайда)
- Еңбек өтілін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін)
- Ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектер тізімі (бар болған жағдайда)
- Тезтікпе (скоросшиватель)
- Конверт
| Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі | Білім беру бағдарламасы тобының атауы | Бейінді пәндер | |
| 1 бейінді пән | 2 бейінді пән | ||
| M017 | Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау | Педагогика | Қазақ тілін оқыту әдістемесі |
| M018 | Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау | Педагогика | Орыс тілін оқыту әдістемесі |
| M019 | Шет тілдері педагогтерін даярлау | Педагогика | Кәсіби бағытталған шет тілі |
| M056 | Аударма ісі | Аударма теориясы | Кәсіби-бағытталған шет тілі |
| M064 | Халықаралық қатынастар | Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты | Дипломатиялық және консулдық қызмет |
| M066 | Психология | Жалпы психология | Даму психологиясы |
| M072 | Менеджмент | Менеджмент | Бизнесті ұйымдастыру |
| M074 | Қаржы, банктік және сақтандыру ісі | Қаржы негіздері | Корпоративтік қаржы |
| M078 | Құқық | Мемлекет және құқық теориясы | Ситуациялық кейс (Қазақстан Республикасының заңдарын және / немесе халықаралық құқықты қолдану негізінде нақты практикалық жағдайды кешенді құқықтық талдау) |
| M094 | Ақпараттық технологиялар | Алгоритмдер және деректер құрылымы | Деректер базасы |
Кешенді тестілеу формасымен осы сілтеме арқылы таныса аласыз.