ШҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотында Ашық есік күні
2023 жылғы 28 қарашада «Құқықтану», «Құқық және құқық қорғау қызметі», «Құқық және кеден қызметі» ББ 1 курс студенттері Ашық есік күні аясында ШҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына барды.
Студенттер соттың жұмысымен және құрылымымен, осы сот қарайтын істердің соттылығымен танысты.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық соттың кеңсе меңгерушісі Алтайұлы Алмас сотта оқу және өндірістік іс-тәжірибеден өту мүмкіндігі мен ерекшеліктері, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы сот төрелігі Академиясына түсу тәртібі, сондай-ақ сот органдарына жұмысқа орналасу туралы айтып берді.
Алтайұлы Алмасқа қызықты әрі танымдық экскурсиясы үшін алғыс білдіреміз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы