ШҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотында Ашық есік күні

2023 жылғы 24 ақпанда “Құқықтану”, “Құқық және құқық қорғау қызметі”, “Құқық және кеден қызметі” білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері Шығыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына барды.

Сот төрағасы С. М. Тұтқабаева студенттерге сот қызметінің негізгі бағыттары, ювеналды сотқа қандай санаттағы істер қаралатыны, кәмелетке толмаған балалар мен олардың заңды өкілдерінің қатысуымен сот төрелігін жүзеге асыру ерекшеліктері туралы айтып берді.

Сот кеңсесінің меңгерушісі Алтайұлы Алмас студенттерге сот кеңсесінің, оның бөлімдерінің жұмысы туралы айтып, студенттерді сот отырысы залымен, балаларға арналған кабинеттермен, сот процесіне қатысушылар үшін күту залымен, сондай-ақ заң мамандықтарының студенттері үшін сотта өндірістік  іс-тәжірибесінен өту мүмкіндігі туралы таныстырды.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы