ШҚО мәдениет тұлғалары
2023 жылдың 28 сәуірінде құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы Шығыс Қазақстан облысының мәдениет қайраткерлерін еске алуға арналған “ШҚО мәдениет тұлғалары” іс-шарасын өткізді. Олардың ішінде: педагог, ғалым, суретші Виктор Васильевич Романов, ақын Александр Викторович Романов және математик, педагог, композитор, музыкалық ағартушы Николай Николаевич Тепфер. Біздің университет студенттеріне бұл адамдар, олардың шығармашылығы және Шығыс Қазақстан облысының мәдениетіне қосқан үлесі туралы айтылды.
Аталған іс-шараның модераторы Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы С.А. Мужчиль болды.
Аудиторияға Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, профессор, PhD докторы Қ.О. Алембаев құттықтау сөз сөйлеп, білім алушылармен тәрбие жұмысындағы мәдени-ағарту іс-шараларының рөлін атап өтіп, студенттерді мәдениет деңгейі мен ой-өрісін арттыруға шақырды.
Келесі кезекте біздің шақырылған қонағымыз, профессор, биология ғылымдарының кандидаты Константин Павлович Прокопов сөз сөйледі. Ол Александр Романовпен қарым-қатынас, оның өмірі мен шығармашылығы туралы айтты.
Іс-шараға музыкант, ақын, жазушы Батыр Мұқанов, ақындар Валерия Лебедева мен Анна Степанова қатысып, Александр Романовтың өлеңдерін оқыды.
Осы іс-шараға қатысқандарыңыз үшін баршаңызға алғыс айтамыз! Баршаңызға шығармашылық табыс пен өркендеу тілейміз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы