ШҚО МАЭС Ашық есік күні
2023 жылдың 18 сәуірінде «Құқықтану» ББ 3 курс студенттері Ашық есік күні аясында ШҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына барды. Студенттер соттың, сот кеңсесінің және оның бөлімдерінің, сот мұрағатының жұмысымен, сотта өндірістік әс-тәжірибеден өту мүмкіндігімен танысты, сондай-ақ сот отырысына көрермен ретінде қатысты, сот медиациясын жүргізу тәртібін, электрондық сот ісін жүргізу мен құжат айналымын, татуластыру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде сотқа дейінгі хаттаманың маңыздылығын зерделеді.
ШҚО МАЭС басшылығына – Сот Төрағасы Ерболатов Ернар Ерболатұлына, кеңсе меңгерушісі Рыбкина Алена Юрьевнаға қызықты әрі танымдық экскурсиясы үшін алғыс айтамыз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/04/den-otkrytyh-dverej-v-smes-1.jpeg)
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/04/den-otkrytyh-dverej-v-smes-2.jpeg)
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/04/den-otkrytyh-dverej-v-smes-3.jpeg)
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/04/den-otkrytyh-dverej-v-smes-4.jpeg)
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/04/den-otkrytyh-dverej-v-smes-5.jpeg)
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/04/den-otkrytyh-dverej-v-smes-6.jpeg)