ШҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Ашық есік күні
2023 жылғы 15 қарашада «Құқықтану», «Құқық және құқық қорғау қызметі», «Құқық және кеден қызметі» ББ 2, 3 курс студенттері, «Құқықтану» ББ магистранттары Ашық есік күні аясында ШҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына барды. Студенттер соттың, сот кеңсесінің және оның бөлімдерінің жұмысымен, сотта өндірістік іс-тәжірибеден өту мүмкіндігімен және сот органдарына жұмысқа орналасу тәртібімен танысты, сондай-ақ сот отырысына көрермен ретінде қатысты.
ШҚО МАЭС басшылығына – сот Төрағасы Ерболатов Ернар Ерболатұлына, кеңсе меңгерушісі Рыбкина Алена Юрьевнаға қызықты әрі танымдық экскурсиясы үшін алғыс айтамыз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/whatsapp-image-2023-11-15-at-11.49.04-1024x461.jpeg)
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/whatsapp-image-2023-11-15-at-11.49.06-2-1.jpeg)
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/whatsapp-image-2023-11-15-at-11.49.09-1024x460.jpeg)