ШҚО жоғары оқу орындары мен кәсіпорындарының ғылыми ынтымақтастығы: мәселелері мен болашағы
2022 жылғы 13 маусымда ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым Академиясы делегациясының жұмыс сапары аясында “ШҚО жоғары оқу орындары мен кәсіпорындарының ғылыми ынтымақтастығы: мәселелері мен болашағы” атты дөңгелек үстел өтті. Делегация құрамында ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Закария Күнсұлу Далтонқызы, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Ғылым департаментінің директоры Руслан Ерғалиұлы Нұрлыбаев, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Басқарма басшысы Мақсат Жұмабайұлы Бөленбаев және сарапшы-кеңесші Нұғұманов Дәурен Қабдолдаұлы болды.
Ғылым өкілдері – ЖОО ректорлары және ШҚО өнеркәсіп секторының өкілдері – “УЗПА” АҚ және “Машзавод”ЖШС Қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде Закария Күнсұлу Далтонқызы, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиевтің шақыруымен қаламызға келгенін атап өтіп, еліміздің өнеркәсіптік өңірлерінің бірінде ғылымды дамытудың маңыздылығын және жобалық ынтымақтастықтың жаңа нысандарын іздеу қажеттігін атады. Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлының: “Менің өтінішім бойынша Егемен Қазақстанның тұңғыш университеті – ШҚМУ базасында Академия Президенті У.Сұлтанғазиннің жеке қатысуымен, 45 академик – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттарының қатысуымен құрылған Академияның Шығыс бөлімшесі атынан және халықаралық әріптестік жоғары оқу орны – Қазақстан-Американдық еркін университетінің ұжымы атынан, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым Академиясы өкілдерінің делегациясын қарсы алуға қуаныштымын” – деген сөзі, біздің өңіріміз үшін және тұтастай алғанда Қазақстанның деп бүкіл ғылымы үшін осы іс-шараның маңыздылығын барынша жақсы көрсетеді.
Ғылым өкілдері – ЖОО ректорлары және ШҚО өнеркәсіп секторының өкілдері – “УЗПА” АҚ және “Машзавод” ЖШС басшылары баяндамалар мен хабарламалар жасады.
Жұртшылықпен байланыс орталығы