Шығыс Қазақстан колледждерінің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының студенттері арасында «Мен спортты таңдаймын!» атты педагогикалық шеберлік байқауы
2023 жылғы 12 желтоқсан күні Қазақстан-Американдық еркін университетінің спорт залы базасында «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының студенттері арасында «Мен спортты таңдаймын!» атты педагогикалық шеберлік байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – ТжКБ жүйесінің оқу орындарында «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша оқитын бәсекеге қабілетті талантты студенттерді анықтау және көтермелеу.
5 кезеңнен тұратын байқау барысында командалар визит карточкасын ұсынды, сабақ жоспарын (сабақтың КМЖ) әзірледі, дене шынықтыру бойынша оқу сабағының негізгі бөлігінің фрагментін өткізу дағдыларын көрсетті, спорттық-бұқаралық іс-шараның элементі ретінде аэробты-би фрагментін (флешмоб) көрсетті, «Көңілді старттар» спорттық эстафетасын өткізді.
Байқау қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:
І орын – «Абай қырандары» командасы (Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі);
ІІ орын – «Сила» командасы (Қазақстан-Американдық еркін университетінің Жоғарғы колледжі);
ІІІ орын – «Аманжолов» командасы (С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан университетінің Жоғары колледжі).
ҚАЕУ жоғары колледжі
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/12/oblastnoj-konkurs-pedagogicheskogo-masterstva-ya-vybirayu-sport-sredi-obuchayushhihsya-kolledzhej-vko-speczialnosti-fizicheskaya-kultura-i-sport-2-1024x566.jpeg)
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/12/oblastnoj-konkurs-pedagogicheskogo-masterstva-ya-vybirayu-sport-sredi-obuchayushhihsya-kolledzhej-vko-speczialnosti-fizicheskaya-kultura-i-sport-3-1024x577.jpeg)
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/12/oblastnoj-konkurs-pedagogicheskogo-masterstva-ya-vybirayu-sport-sredi-obuchayushhihsya-kolledzhej-vko-speczialnosti-fizicheskaya-kultura-i-sport-4-1024x572.jpeg)
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/12/oblastnoj-konkurs-pedagogicheskogo-masterstva-ya-vybirayu-sport-sredi-obuchayushhihsya-kolledzhej-vko-speczialnosti-fizicheskaya-kultura-i-sport-5-1024x560.jpeg)
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/12/oblastnoj-konkurs-pedagogicheskogo-masterstva-ya-vybirayu-sport-sredi-obuchayushhihsya-kolledzhej-vko-speczialnosti-fizicheskaya-kultura-i-sport-1.jpeg)
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/12/oblastnoj-konkurs-pedagogicheskogo-masterstva-ya-vybirayu-sport-sredi-obuchayushhihsya-kolledzhej-vko-speczialnosti-fizicheskaya-kultura-i-sport-1024x567.jpeg)