Шығыс Қазақстан облысының аймақтарында мектеп медиация қызметінің жұмыс істеуі
АҚШ Елшілігі атынан қаржыландыратын «Мектеп медиация қызметін дамыту жанжалдарды шешу және толерантты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру» жобасы аясында 2023 жылдың қыркүйегінен бастап мектеп медиация қызметтері жұмыс істейді.
Шығыс Қазақстан облысындағы тоғыз мектепте оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер білім беру ортасында туындайтын жанжалды жағдайларды шешу бойынша кеңес алуға жүгінетін арнайы қызметтер ашылды.
Қақтығыстарды шешуге көмекті ең алдымен жоба аясында 2023 жылдың 11 қаңтары мен 27 сәуірі аралығында өткізілген онлайн курстарынан өткен мұғалімдер мен студенттер көрсетеді. Медиаторлар тек консультативтік көмек көрсетумен бірге, жанжалдардың алдын алу мақсатында түрлі сабақтар, шеберлік сабақтары, семинарлар, тақырыптық сабақтар өткізеді.
ҚАЕУ көшбасшылары