Словакия Республикасының Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Роберт Кирнаг «Қазақстан-Американдық еркін университетінің Құрметті докторы» атағына ие болды

2024 жылғы 13 мамырда Қазақстан-Американдық еркін университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен Словакия Республикасының Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Роберт Кирнагты «ҚАЕУ Құрметті докторы» атағымен марапаттау туралы шешім қабылданды.

Бұл  қадірлеу Кирнаг мырзаның Словакия мен Қазақстан арасындағы халықаралық қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесінің, оның білім беру бастамаларына және жас ұрпақты қолдауға белсенді жәрдемдесуінің нәтижесі болды. Өзінің дипломатиялық қызметі барысында Кирнаг мырза халықаралық саясаттың өзекті мәселелерін, шағын мемлекеттердің рөлін және жаһандық белгісіздік жағдайында стратегиялық жоспарлауды жариялай отырып, ҚАЕУ студенттерінің алдында бірнеше рет дәріс оқыды.

Кирнаг мырзаның кандидатурасын университеттің Ғылыми кеңесі оның білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және халықаралық алмасуларды қолдауға бағытталған жұмысын қадірлеу  белгісі ретінде ұсынды.

Дипломатиялық қызметте 30 жылдан астам тәжірибесі бар Роберт Кирнаг халықаралық аренадағы, соның ішінде Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі белсенді қызметімен танымал. Оның дәрістері мен ҚАЕУ білім беру бағдарламаларына қатысуы, студенттерге халықаралық қатынастар мен дипломатия саласында бірегей білім мен тәжірибе алуға мүмкіндік береді.