Словакияның Қазақстан Республикасындағы және Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің сапары
2023 жылғы 3-5 мамыр аралығында Өскемен қаласына жұмыс сапары аясында Словакияның Қазақстан Республикасындағы және Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Роберт Кирнаг (Robert Kirnag) келді.
Сапардың негізгі мақсаты Қазақстан мен Словакия арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейту және нығайту болды. Сапар бағдарламасы аясында Елші мырза қаламен танысып, Қазақстан-Американдық еркін университетінде қала мектептерінің бітіруші сынып оқушыларына, колледждер мен университеттердің студенттері мен оқытушыларына “Словакия мен Қазақстанның қарым-қатынасы. Словакияның сыртқы саясаты және халықаралық саясаттағы шағын мемлекеттердің рөлі” тақырыбына дәріс оқып, Словакия Республикасының Құрметті Консулдығына, Қазақстан-Американдық еркін университетінің Жоғары колледжіне және ҮМЗ мұражайына барды.
Сапар аясында білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктері талқыланды. Бұл сапар Қазақстан мен Словакия арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды және екі ел арасындағы достық қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал етті.
Жұртшылықпен байланыс орталығы