«Startup – табыстылық кеңестері» тақырыбында қонақ дәрісі

2023 жылғы 2 наурызда бизнес кафедрасының «Бизнес және басқару» дайындық бағыты бойынша білім алушылар үшін «Startup – табыстылық кеңестері»тақырыбында бизнес негіздері бойынша қонақ дәрісі өткізілді.

Қонақ дәрісінің модераторы бизнес кафедрасының аға оқытушысы Е. Е. Сумарева болды.

Спикер ретінде табысты ісін жаңа бастаған кәсіпкер, LEWEL Group коворкинг-кофеханасының негізін қалаушы және басшысы – Эльдар Мұхаметқазин сөз сөйледі.

Спикер Өскемен қаласында бизнесті дамытудың ерекшеліктері туралы, бизнес әлеміндегі табысқа байланысты, жоспарлаудың, болжаудың, командалық жұмыстың маңыздылығы туралы айтып, білім алушыларға кеңестер берді – бизнес әлемінде өз жолын неден бастау керек, өз тәжірибесінен мысалдар келтірді.

Қонақ дәрісі жоғары деңгейде өтті,  білім алушылардың қызығушылығын тудырды.

Бизнес кафедрасы