Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл және алдын алу мәселелері бойынша семинар
2023 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл және алдын алу мәселелері бойынша комплаенс-қызметтерге арналған семинар өткізді.
Департаменттің аға офицері Г.А. Бекбаева Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру барысы туралы, “1424” Call-орталығының жұмысы туралы, парақорлық үшін жаза тағайындау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңнамасындағы негізгі өзгерістер туралы түсініктеме берді.
Университеттен семинарға ҚАЕУ комплаенс-офицері Жүніспеков Ермек Мұхамеджанұлы қатысты.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы


