«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім: халықаралық тәжірибе және Қазақстандағы даму келешегі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция
2024 жылдың 25 сәуірінде құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушылары Жүніспеков Е.М., Жүніспеков Н.М. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім: халықаралық тәжірибе және Қазақстандағы даму келешегі» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға онлайн режимінде қатысты, онда еліміздің жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық пәндерінің жүзеге асырылу мәселесі, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша одан әрі жұмыс жүргізу, Grase жүйесін пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық тәжірибені енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттарының рөлі және адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін дамыту мәселесі талқыланды.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы