«Тұран» университетіндегі адам құқықтары жөніндегі зияткерлік викторина
2023 жылғы 10 қарашада ҚАЕУ Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі С.А. Мужчиль «Тұран» университетінің (Алматы қ.) «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері үшін адам құқықтарына арналған зияткерлік викторина өткізді.
Сонымен қатар, Савелий Александрович студенттерге құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыру және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастықтағы халықтар достығы туралы айтып берді.
Викторина жеңімпаздары Қазақстан-Американдық еркін университеті басшылығының грамоталарымен марапатталды.
«Тұран» университетіне ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы

