Ташкент мемлекеттік заң университетіндегі  шеберлік сабағы

2025 жылғы 26 наурызда Ташкент мемлекеттік заң университетінің ғылыми үйірмесінің қызметі аясында ҚАЕУ мен ТМЗУ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум негізінде «Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің конституциялық негіздері» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы С.А.Мужчиль іс-шараның спикері болды.  Шеберлік сабағы барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды, сондай-ақ тақырыптық викторинаға қатысты.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы