Ташкенттегі халықаралық конференция

2024 жылғы 10 желтоқсанда Әлемдік экономика және дипломатия университетінде (Ташкент қ.) «Цифрландыру дәуіріндегі адам құқықтарының конституциялық кепілдіктері» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Ғылыми-тәжірибелік  конференцияға ұлттық және халықаралық мамандар, құқықтанушы ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттар, тәуелсіз зерттеушілер, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының, құқық қорғау органдары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Талқылау барысында Өзбекстан Республикасының Конституциясы жаңа редакцияда адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде мүлдем жаңа деңгейге шыққандығы атап өтілді.

«Қазіргі әлемдегі цифрлық адам құқықтарын құқықтық реттеу мәселелері» тақырыбында онлайн-режимде құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Мужчиль Савелий Александрович баяндама жасады.

Әлемдік экономика және дипломатия университетіне ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы