ТМЗУ оқытушылары ҚАЕУ Ректорының алғыс хаттарымен марапатталды
2021 жылы ҚАЕУ мен Ташкент мемлекеттік заң университеті арасында өзара түсіністік туралы Меморандум жасалды. Осы уақыт ішінде ҚАЕУ студенттері үшін ТМЗУ серіктестерінің дәрістерін қоса алғанда, көптеген бірлескен іс-шаралар өткізілді.
ҚАЕУ-мен белсенді ынтымақтастығы үшін университетіміздің ректоры, PhD докторы Мәмбетқазиев Айдар Ережепұлының алғыс хаттарымен ТМЗУ Халықаралық құқық және адам құқығы кафедрасының оқытушылары Тиллабоев Шохрухбек Мирзатиллаевич және Нуруллаев Фаррух Умиджанович, сондай-ақ Қылмыстық іс жүргізу құқығы кафедрасының аға оқытушысы Рахимова Ульзана Хамидуллаевна марапатталды.
ТМЗУ-дегі серіктестерімізге белсенді және жемісті ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз! Біз одан әрі тиімді өзара әрекеттесуге үміттенеміз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы