Тұран-Астана университетінің доценті ҚАЕУ студенттеріне дәріс оқыды
Академиялық ұтқырлық шеңберінде ҚАЕУ мен Тұран-Астана университеті арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Шарт негізінде ТАУ Ұлттық және халықаралық құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Егізбаев Нұргелді Оразгелдіұлы ҚАЕУ Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының студенттеріне дәріс өткізді.
Дәрістердің тақырыбы келесідей ұсынылды: Жеке тұлғаға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар, Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар, Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар.
ҚАЕУ студенттері лектордың жоғары кәсіби деңгейін және дәрістердің өзектілігін атап өтті.
Тұран-Астана университетіне ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы