Туризм бойынша II республикалық онлайн-олимпиаданың қорытындысы
10-30 қазан аралығында «Бизнес» кафедрасының аға оқытушылары Сумарева Евгения Евгеньевна, Лейман Оксана Борисовна және ҚАЕУ магистранты Ахметжанова Алуа Талғатқызы Дүниежүзілік туризм күніне орай «Туризм» ББ бойынша 1-4 курс білім алушылары арасында II республикалық онлайн-олимпиада ұйымдастырды.
Олимпиада екі кезең бойынша өткізілді: біріншісі – ұсынылған тақырыптарға ғылыми мақала жазу, екіншісі – туристік жобаны (маршрутты) әзірлеу.
Олимпиадаға еліміздің жоғары оқу орындарының білім алушылары қатысты: С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, «Тұран-Астана» университеті, Қазақ технология және бизнес университеті.
Олимпиада қорытындысы бойынша бірінші орынды С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің командасы иеленді, екінші және үшінші орындарды «Тұран-Астана» университеті мен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің командалары бөлісті. Қалған білім алушылар қатысқандары үшін сертификаттармен, барлық ғылыми жетекшілер алғыс хаттармен марапатталды.




