Туризм бойынша ІV Республикалық қашықтықтан олимпиада
2022 жылғы 27 қазанда “Inn & Science Asia” ғылыми-білім беру орталығы халықаралық туризм күнін мерекелеу аясында “Туризм” білім беру бағдарламасының 1-4 курс білім алушылары арасында ІV Республикалық қашықтықтан олимпиада өткізді.
Олимпиаданы өткізудің мақсаты – туризм саласындағы білім алушылардың қызығушылығын арттыру және білімі мен дағдыларын тереңдету.
Олимпиада екі турдан тұрды:
- I тур- тұсаукесер. Олимпиадаға қатысушылар ұсынылған тақырыпқа тұсаукесер дайындады.
- II тур – ашық сұрақтар, тест және кейс-тапсырма. Олимпиадаға қатысушылар толық және егжей-тегжейлі жауап беретін үш ашық сұраққа жауап беріп, берілген тақырып бойынша кейс шешті.
Олимпиадаға “Туризм” ББ 4 курс білім алушысы Закуова Айдана, “Туризм” ББ 1 курс білім алушысы Глушаков Артем, Қазақстан-Американдық еркін университетінің “Туризм” ББ 3 курс білім алушысы Просин Сергей қатысты.
Ғылыми жетекшілері – бизнес кафедрасының аға оқытушылары Калиева Арайлым Ерікқызы және Айтқазина Мадина Маратқызы.
ІV Республикалық қашықтықтан олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан-Американдық еркін университетінің командасы I орын алды.
Жеңімпаздар мен ғылыми жетекшілерді құттықтаймыз, одан әрі шығармашылық табыстар тілейміз!
Бизнес кафедрасы