“Үздік ашық сабақ” республикалық педагогикалық байқауы
2022 жылғы 18 қараша мен 13 желтоқсан аралығында “Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымды дамытуды қолдау қоры” Қоғамдық қоры “Өрлеу” Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалымен Ақтөбе облыстық кәсіби даму институтымен ынтымақтастық туралы меморандумдарды іске асыру мақсатында серіктеспен бірлесіп, “Үздік ашық сабақ” республикалық педагогикалық байқауын өткізді, оған бизнес кафедрасының аға оқытушысы Е. Е. Сумарева қатысты
Байқауға 6В11102 “Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі” білім беру бағдарламасы үшін “Шикізат пен азық-түлік тауарларының сапасын бақылау және бағалау” пәні бойынша ашық сабақ әзірлеу ұсынылды. Байқау қорытындысы бойынша Е.Е.Сумарева екінші орын үшін дипломмен марапатталды.
Кәсіби және шығармашылық табыстар тілейміз!
Бизнес кафедрасы