Университеттер арасындағы серіктестік байланыстар шеңберіндегі семинар сабақ.

2025 жылдың 12 ақпанында Астана қаласының А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия Гуманитарлық Институты мен Өскемен қаласының Қазақстан-Американдық еркін университеті арасындағы өзара серіктестің туралы меморандум шеңберінде аға оқытушы, докторант Тургумбаева Нұрсұлу Қайырдықызы «ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ ГРАММАТИКАСЫ: құрылым және қолданыс» тақырыбында семинар-сабақ өткізді.

ЕАГИ-дің филология факультеті 3-курс студенттері қазақ тілінің коммуникативті парадигма негізінде дамыған функционалды грамматика сияқты салыстырмалы түрде тың саласынан хабардар болды. Тілдің зерттелу аспектілерін шолып, соның ішінде функционалды аспекттің уәждемесін қарастырған соң, оған анықтама берілді.

Саланың зерттелу жайына да шолу жасаған соң, оқытушы қазақ тілінен нақты практикалық мысалдарды күнделікті ауызекі тілден де, көркем әдебиеттен де келтірді. Бұл үлгілер мекендік мән, бағыт мәні, құралдық мағына, қимылға ортақтық мағына, т.б. сияқты функционалды семантикалық өрістерді қамтыды. 

Тургумбаева Н.К. кері байланыс орнату мақсатымен қоса, болашақ тіл үйретуші педагог болатын студенттерге интербелсенді әдісті меңгертуді де көздей отырып, алынған теориялық материалды «семантикалық аукцион» ойыны арқылы бекітті.

ҚАЕУ аға оқытушысы Н.К. Тургумбаеваға ЕАГИ Ректоры Н.Ныгыманова атынан екі жоғары оқу орны арасындағы серіктестік қатынасты дамытқаны үшін, оқытушылар арасындағы академиялық ұтқырлықты ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін Алғыс хат табысталды. 

Екі оқу ордасы арасындағы серіктестік байланыстар ары қарай да дами түседі деген үміттеміз!