«VITA Мир» компаниясы 30 жылдық мерейтойын атап өтуде!

Қазақстан-Американдық еркін университеті ректорының кеңесшісі Нестеренко Наталия Александровна ЖОО атынан «VITA Мир» компаниясының бас директоры Каханов Виталий Александровичті осы айтулы күн — құрылғанына 30 жыл толуымен ресми құттықтады.

«VITA Мир» компаниясы көптеген жылдар бойы университеттің әлеуметтік және білім беру бастамаларын белсенді қолдай отырып, ҚАЕУ-нің сенімді серіктесі болды. Компанияның маңызды жобаларының қатарында студенттердің шығармашылық әлеуетін ашуға және өңірдегі мәдени құндылықтарды дәріптеуге ықпал ететін әдеби қонақбөлмелеріне демеушілік жасау бар.

Сонымен қатар, «VITA Мир»  университет студенттерінің кәсіби тәжірибеден өтуі үшін база ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл болашақ мамандарға практикалық тәжірибе жинақтап қана қоймай, мансапты табысты бастау үшін қажетті кәсіби құзыреттіліктерді дамыту үшін бірегей мүмкіндік.«VITA Мир» компаниясының отыз жылдық өткен жолы – білім мен мәдениетті қолдай отырып, қоғамның дамуына белсенді үлес қосатын бизнестің табысты дамуының үлгісі. Компанияға одан әрі табыс, өркендеу және жаңа жетістіктер тілейміз!