«WHZ & KAFU – International 2023» – Қазақстанда халықаралық желілерді құру

Қазақстан – Американдық еркін университетінде Германияның академиялық алмасу бағдарламасының 40 – тан астам түлегі «WHZ & KAFU-International 2023» – Қазақстанда халықаралық желілерді құру конференциясының жұмысына қатысады.

Бұл бірегей іс – шара алғаш рет Қазақстанда ұйымдастырылып, Өзбекстан, Үндістан, Непал, Қырғызстан, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Түркменстан, Вьетнам, Иордания, Индонезия, сондай-ақ Қазақстанның түрлі қалаларынан түлектерді жинады. Конференция еліміз бен DAAD бағдарламаларына қатысушы елдер арасында жаңа байланыстар орнатуға және достықты нығайтуға мүмкіндік берді.

DAAD бағдарламалары түлектерінің апталығы 2023 жылғы 13-18 қыркүйек аралығында өткізіледі, бағдарламада шетелдік профессорлар, сондай-ақ ҚАЕУ оқытушылары мен мамандары өткізетін дәрістер, семинарлар, тренингтер көзделген.

https://www.youtube.com/watch?v=Nk-GuHMYifY