XIV Халықаралық жас ғалымдар форумының секциялық отырыстары
2024 жылғы 8 сәуірде ҚАЕУ жас ғалымдарының XIV Халықаралық форумы аясында секциялық отырыстар өтті. Секция жұмысы барысында тоғыз бағыт бойынша 270-тен астам баяндама талқыланды.
Жас зерттеушілер перспективалық тақырыптар бойынша ғылыми тәжірибелерімен, зерттеу нәтижелерімен және практикалық жетістіктерімен бөлісті. Проблематиканың өзектілігі, баяндамалардың теориялық және қолданбалы бағыты үш тілде жанды, мүдделі талқылау мен жемісті пікір алмасуға әкелді.
Филология, журналистика, педагогика және психология мәселелері бойынша сындарлы пікірталастар өтті. Қолданбалы лингвистиканың негізгі мәселелері, шет тілдерінің мәселелері және оқыту әдістемесі талқыланды. Қаржы, экономика және менеджменттің, сондай-ақ туристік кластерді дамытудың өзекті мәселелері қаралды. Қазақ тілінде секциялар жұмысы екі бағыт бойынша жүргізілді: гуманитарлық ғылымның теориясы мен дамуы, қоғамдық даму контекстіндегі өзекті құқықтық мәселелер.
Секциялық отырыстардың нәтижелері бойынша барлық тақырыптық баяндамалар форум жұмысының материалдарында жарияланатын болады.
Ғылыми-зерттеу бөлімі