“Заң және тәртіп” челленджі

«Заң және тәртіп» айлығы аясында Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттері заңдарды  сақтаудың маңыздылығын түсінуге арналған челленджге қатысты.

Бастама аясында студенттер заң бұзушылықтың салдарын нақты көрсеткен бейнеролик дайындады. Көркем образдар, эмоционалды көріністер және музыкалық сүйемелдеу арқылы олар негізгі хабарды жеткізді: жауапкершілік әрқайсымыздан басталады.

Бейнероликтің соңғы аккорды құқықтық тәртіп, әділеттілік және азаматтық сана идеясын бейнелейтін әннің орындалуы болды. Бұл шығармашылық жоба заңдарды сақтау қауіпсіз және үйлесімді қоғамның кепілі екенін еске салды.

Заң әрқайсымыздан басталады!