Зейнетақы қоры бойынша қонақ дәрісі
2023 жылдың 6 қарашасында ҚАЕУ «Бизнес» кафедрасының білім алушылары «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі» атты қонақ дәрісіне қатысты. Спикер ретінде «Бизнес» кафедрасының түлегі, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының маманы Айтыкешов Қуаныш Берікболатұлы сөз сөйледі. Зейнетақы – зейнеткерлік жасқа толған адамдарға төленетін тұрақты (ай сайынғы) ақшалай табыс. БЖЗҚ – Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қаржы және ақпараттық ағындарының сенімді бірыңғай басқарушысы және операторы. Қонақ дәрісі барысында Қуаныш Берікболатұлы зейнетақы жүйелерін одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті. Ол дәрісте халықаралық тәжірибе, зейнетақы жүйесінің түрлері, типтері және т. б. туралы пайдалы ақпаратпен бөлісті. Қонақ дәрісінің соңында тыңдаушылар спикерге алған ақпараттары үшін алғыстарын білдіріп, қызықтырған сұрақтарын қойды.
«Бизнес» кафедрасы