Жануарлар баспанасына көмек

2022 жылғы 31 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде Хэллоуин мерекесіне орай қайырымдылық акциясы өтті.

«Шебер қаламдар» клубының қатысушылары керемет тоқылған ойыншықтар дайындап, оларды сатудан 32500 теңге тапты. Сатудан түскен барлық қаражат «Animalia» ҚБ қаңғыбас жануарларды күтіп-бағу, емдеу және азықтандыру үшін «Vetlab»клиникасына берілді.

Акцияға қатысып, жүндес достарымызды қолдағандардың барлығына алғыс.

Студенттік даму орталығы