«Жасанды интеллект дәуіріне көшу» ғылыми-тәжірибелік семинары

2024 жылғы 27 қарашада «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының американдық бағдарламасының 2-курс студенттері жасанды интеллект бағдарламаларын аудармада қолданудың өзекті тақырыбына жыл сайынғы ғылыми-тәжірибелік  семинар өткізді.

Студенттер танымал және бүгінде қол жетімді дауыстық аудио-визуалды аударма бағдарламалары мен сайттарына, интеграцияланған жасанды интеллект SAT- құралдарына, смартфон қосымшаларына, мәтіндер корпусымен жұмыс істеуге және аударма редакторларына шолу жасады.

Семинар қонақтары талқылауға белсенді қатысып, тәжірибелерімен бөлісті, өздері үшін жаңа бағдарламаларды сынап көрді және спикерлердің дайындығын жоғары бағалады.